Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинациялау қарқыны баяу жүруде

Вакцинациялау қарқыны баяу жүруде

Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
Биылғы І тоқсандағы жаһандық қаржы және тауар нарығындағы белгісіздік пандемияның үшінші толқынының басталуына, COVID-19 штамдарының пайда болуына, сонымен қатар, вакцина өндірісі мен таралуында шектеулердің болуына байланысты өсті. Халықты вакциналау қарқыны әлемдік экономиканы қалпына келтірудың басты шартына айналды. Израиль, АҚШ, Ұлыбританияны қоса алғанда, дамыған елдер жаппай вакцинацияны бірінші болып бастады. Нәтижесінде ауру көорсеткішінің төмендеуі тіркеліп, қатаң шектеулерді біртіндеп алып тастады, – деді ол.
Оның айтуынша, вакцинациялау қарқыны бойынша дамушы елдер дамыған елдерден айтарлықтай артты қалып отыр. Бұл әлемдік экономиканың біркелкі қалпына келуіне кедергі келтіреді.
Вакцинация салдыру есебінен дамыған елдер дағдарыстан бірінші болып шығады және әлемдік экономикадағы өсу драйверлеріне айналады. Халықаралық валюта қоры сәуірдегі баяндамасында әлемдік экономиканың өсуі бойынша болжамды 2021 жылы 5,5%-дан 6,5%-ға дейін жақсартты. Оның ішінде дамыған елдер бойынша 4,3%-дан 5,1%-ға дейін, дамушы елдер бойынша 6,3%-дан 6,7%-ға дейін. Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қоры 3,2% деңгейінде өсуді күтуде. Бұл алдыңғы болжамнан 0,2%-тік тармаққа жоғары, – деді ол.

baq.kz
12 сәуір 2021 ж. 464 0