Коронавирус жұқтырған оқушы саны қанша? Цой жауап берді

"Оқытудың дәстүрлі форматы енгізілгеннен бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саhttps://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_321423/thumb_m/photo_80841.jpegны өскені байқалады. Төртінші тоқсанның басынан бері 3 706 бала ауырып қалды, оның ішінде білім алушылар арасында офлайн - 1093, онлайн - 2613. Төртінші тоқсанда вирус анықталған, дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ең көп пайызы Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Ал қашықтан оқитындар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматыда көп анықталды", – деді Цой Үкімет отырысында.
Министр әкімдіктер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және білім беру ұйымдарында коронавирустың алдын алу шараларының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.
"Қызыл аймақта орналасқан өңілер офлайн режимде оқуды қайта бастамасын", – деп тапсырды Алексей Цой.