Ұлық мереке ұлықталды

Намаз исламның басты ұраны болғандықтан Ораза айт мерекесі Айт намазымен бастау алатыны ақиқат. Бүгін аудандық Орталық мешітте де Айт намазы оқылып, ұлық мереке ұлықталды.
Таң атысымен мешітке бет түзегендердің қарасы өте көп болды. Осынау қадірлі күнде бір – біріне құрмет көрсетуге асыққан қалың жамағаттың көңілдеріндегі қуаныш көзерінен көрініп-ақ тұрды. Алла Елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Бір-біріңе сыйлық беріп, татуласыңдар... Бір-біріңе берген сыйлықтарың - араларыңдағы өшпенділікті жояды» деп сүннет етіп кеткендей адамзат бойындағы ізгі қасиеттердің бірі татулықтың туы көкке көтерілгендей әсер қалдырды. Құшақтаса амандасып, Аллаға салауат айтқан оларға мешіт ауласынан дәм ұсынылып, құрма мен судан дәм татты. Жиналғандарға Ораза айт мейрамы жайынанда кеңінен түсіндіріліп, ізгілікке бастайтын игі амалдар айтылды.
О. Жексембайұлы.