Аудан әкімі Еркін Әбішевтің жаңа қызметіне сәттілік тіледі

– Еркін Жұмаханұлы ауданымыздың төл тумасы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Бүгінгі күнге дейін жинақтаған мол тәжірибесін ауданымыздың одан әрі дамуына аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін. Аудан әкімінің орынбасары ретінде Еркін Жұмаханұлы жер қатынастары, ауылшаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларына жетекшілік жасайтын болады. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмысыңызға сәттілік тілеймін!, – деді аудан әкімі.
Еске сала кетейік, Е.Әбішев бұған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыройлы атқарып келді. Осы орайда аудан әкімі аймақтың қоғамдық-саяси ахуалын жақсарту бағытында елеулі қызмет жасаған жаңа орынбасарына облыс әкімінің атынан арнайы Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етті.

