Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Үндістанға көмек көрсетуге дайын – Тоқаев

Қазақстан Үндістанға көмек көрсетуге дайын – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын қынжыла атап өтті. Ол індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан Үкіметі Сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін» делінген жеделхатта.

05 мамыр 2021 ж. 560 0