Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

БЖЗҚ-ның облыстық филиалында бүгін келушілер саны соңғы үш ай ішінде рекордтық көрсеткішке жетті. Қор ұйымдастырған «Ашық есік күніне» салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген басқа да азаматтар қатысты. Мұндай шара былтырғы жылдың басынан бастап әрбір тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл күні барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарына жауап ала алады. Қор жетекшілігі жұртшылықтың бұл шараға деген қызығушылын ескере отырып, Ашық есік күнін дәстүрлі шараға айналдыруды шешті. Бір жарым жыл ішінде Ашық есік күніне 20 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жолы қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістерімен таныстырды.Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрі бар. Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебіне аударылса, үшінші- ерікті зейнетақы түрлері өзінің зейнет жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға ниетті азаматтарға арналған.Салымшыларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы біліп отыру да маңызды. Бүгінде бұл туралы білу үшін Қор кеңсесіне бару немесе дәстүрлі пошта байланысымен пайдалану міндетті емес. БЖЗҚ-да көптеген қызмет түрлерін электрондық сервистер арқылы алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса, қазір БЖЗҚ салымшылары мен алушылары www.enpf.kz сайты жеке кабинет ашуына болады немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзінді –көшірме алу» қызметімен; Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелеріне арналған ENPF мобильді қосымшасымен пайдалана алады. Ал «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкіндіктерін кеңейте түсті. EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да Қор қызметтерін қолдануға болады.
Ашық есік күні туралы пікірімен шараға зейнетақы шотының жай-күйін білгісі келген әжесін әкелген Нұрлан есімді жігіт бөлісті. «Зейнетақы қорының жұмысын мен ескіше түсінетінмін. Ал бүгін мұнда заманауи технологиялар жан-жақты енгізілгенін көріп, таңданып қалдым. Енді әжеме оларды қолдануға көмектесемін. Үйде шәй ішіп отырып-ақ қызмет алатын болады».
Тағы бір қатысушы Әділбек жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет етеді екен. «Мен зейнетақы шотым туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алып отырамын. Соңғы үзінді-көшірме келгенде, жұмыс беруші жарнамды уақытылы аудармағанын, бірақ бұны бізден жасырғанын түсіндім. Бүкіл мекемедегі жағадй осындай болып шықты. Біздің талабымыздан кейін жарна аударылды. Енді мен қор сайтында жеке кабинет ашып, жағдайды әрдайым қадағалап отырмақпын. Басқаларға да осындай кеңес берем. Интернет арқылы қызмет алудың еш қиындығы жоқ, әрі ыңғайлы».
2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдіспен көрсетілген. Қордың корпоративтік стратегиясына сай, 2021 жылы бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу көзделген.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz
8(727)312 60 38 ішкі 5220
///
Рекордное количество посетителей зарегистрировано сегодня в Кызылординском областном филиале ЕНПФ за последний квартал. Свыше двухсот вкладчиков, получателей и просто граждан, интересующихся пенсионной системой стали посетителями Дня открытых дверей, проводимого фондом. С начала прошлого года один раз в квартал все филиалы ЕНПФ раскрывают свои двери для всех желающих. В этот день казахстанцы могут не только получить необходимые для них услуги, но и более подробно узнать о системе пенсионного обеспечения нашей республики, задать все интересующие их вопросы. В связи с большим интересом населения, это мероприятие уже стало традицией. За полтора года его посетили более 20 тысяч человек. На этот раз темой Дня открытых дверей стала «Пенсионные взносы. Информирование о состоянии индивидуального пенсионного счета». Посетителям рассказали о том, как можно стать участниками накопительной пенсионной системы.
В настоящий момент в Казахстане существуют три вида пенсионных взносов. Если первые два из них – обязательные пенсионные взносы и обязательные профессиональные взносы уплачиваются за счет работников и работодателей (для работников вредных производств) соответственно, то третий, добровольный вид взноса рассчитан на тех, кто осознанно подходит к планированию своей пенсии и готов копить на свои будущие потребности по собственному волеизлиянию.
Немаловажно знать гражданам и о способах информирования о состоянии индивидуальных пенсионных счетов. На сегодняшний день в ЕНПФ внедрено множество видов электронных сервисов, которые позволяют не только узнать о состоянии своего пенсионного счета, но и получать большинство услуг фонда дистанционно. Если первым шагом в этом направлении было использование электронной почты, то сегодня к услугам вкладчиков и получателей ЕНПФ и сайт фонда www.enpf.kz , и мобильное приложение, рассчитанное на операционные системы Android и iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone. А внедрение национальной программы «Цифровой Казахстан» открыло новые возможности для коммуникации с клиентами.
Своими впечатлениями о мероприятии поделился молодой человек по имени Нурлан сопровождавший бабушку, пожелавшей узнать о состоянии своих пенсионных сбережений перед оформлением выплаты. «Пенсионный фонд у меня ассоциировался с советскими собесами. Я был приятно удивлен, узнав, что здесь вовсю используют современные технологии и почти все услуги можно получать дистанционно. Теперь вместе с бабушкой будем оформлять пенсионные выплаты сидя дома, за чашкой чая».
Другой участник Адильбек оказался работником одного из ТОО. «Я получаю сведения о своем пенсионном счете на электронную почту. Увидев последнюю выписку из ИПС, понял, что работодатель не перечислял несколько месяцев мои обязательные взносы и скрывал это. Такая же ситуация оказалась и у моих коллег. После наших требований взносы были перечислены. Но теперь я решил открыть личный кабинет на сайте фонда, чтобы постоянно отслеживать свои перечисления. Советую это и другим. Тем более, что все доступно через интернет. Очень удобно».
По результатам 2017 года 52 процента операции ЕНПФ было оказано электронным способом дистанционно. Согласно корпоративной стратегии фонда, к 2021 году этот показатель планируется довести до 60 процентов.
ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером является Правительство РК. Государственный пакет акций фонда находится в доверительном управлении Национального Банка РК. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк РК. Функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами осуществляет Совет по управлению Национальным фондом возглавляемый Президентом РК. ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчикам (получателям) информацию о состоянии их пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).
20 маусым 2018 ж. 950 0