Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі М.Оразбаевтың Ораза Айт мерекесіне арналған құттықтауы

Аудан әкімі М.Оразбаевтың Ораза Айт мерекесіне арналған құттықтауы

Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды ең қасиетті де ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан айы – құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.
Ораза айты ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді. Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.
Қадірлі ағайын!
Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам барша аудан тұрғындарының ауызбіршілігі мен татулығын, мейірімділігі мен жанашырлығын одан сайын еселей түседі деп сенемін.
Баршаларыңызға дүниедегі барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштарды тілеймін. Алла Тағала барлықтарыңыздың ізгі амалдарыңызды қабыл етсін!
Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және құт-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев
13 мамыр 2021 ж. 1 459 0