Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Қалалық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, қала әкімінің өкімімен 2021 жылдың 14 мамырынан бастап Әбдіқадыров Сейдуали Алайдарұлы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.

Сейдуали Алайдарұлы, 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Заңгер», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Тасбөгет кенті әкімінің аппаратында маман болып бастап, 2009-2019 жж. қала әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы сатыларынан өтті.

2019 жылдың наурыз айынан бастап Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып, 2020 жылдың қараша айынан осы кезге дейін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.
kyzylorda-news.kz​​​
18 мамыр 2021 ж. 318 0