Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Вакцинасыз емдейді". Ғалымдар СOVID-19-ға қарсы препарат ойлап тапты

"Вакцинасыз емдейді". Ғалымдар СOVID-19-ға қарсы препарат ойлап тапты

Америкалық және аустралиялық ғалымдар СOVID-19 емдеудің жаңа түрін ашты.
Порталдың мәліметінше, коронавирус жұқтырған тірі тышқандарға жүргізілген сынақтарда препарат 99,9 пайыз тиімді екенін көрсеткен. Оған вакцина қажет емес, ауру ағзаны өзі емдей береді.
Өнім синтетикалық май қабығымен жабылған липидті нанобөлшектерге негізделіп жасалған. Олар адам жасушаларына енуге және коронавирустың РНҚ-сын жоюға бағытталған.
"Біз нанобөлшектерді енгіземіз, олар вирусты тауып, оны зымыран сияқты жояды", - дейді Гриффит университетінің профессоры Найджел Макмиллан.
Препаратты сынаудың бірінші кезеңі сәтті өтіп жатқаны атап өтілді. Бір апталық терапиядан кейін зертханалық тышқандардың өкпесіндегі вирус үлгілерінің саны 99,9 пайызға төмендеген, ал өкпенің жасушалары зарап шекпеген. Сынақ адамдарға да сәтті өтсе, терапия 2023 жылы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қолданыла бастайды.
Препарат жасаушылар бұл дәрі COVID-19-дан болатын өлім санын азайтуға көмектеседі деп үміттеніп отыр.

kaz.tengrinews.kz
19 мамыр 2021 ж. 232 0