Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы есептелу тәртібі            

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы есептелу тәртібі            

«Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады»
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2018 жылғы қаңтар
Бүгінде базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келеді. Оның мөлшері қазір 15 274 теңгені құрайды (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсіп отырады.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейін артатын болады.
Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толығымен ескеріледі.
Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемі биыл - 28 284 теңге.
Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшері 14 466 теңге болды. Ал  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 14 284 теңгені құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өсті). Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол, еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейін ұлғаяды.  
Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтар үшін қайта есептеледі. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Жарналардың төленуі жайында барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеде бар.  
2018 жылдың 1 шілдесінен кейін зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер ұсынулары тиіс
БЖЗҚ 2017 жылдың 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде мынадай сервистерді іске қосты. Олар:
  • міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру;
  • берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.
Қордың байланыс орталығының 1418 телефон нөмірі, Қордың корпоративтік сайтының «Кері байланыс», «Онлайн-чат» нысандары, сондай-ақ Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Қорға хабарласуға болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – сапалы консультативтік қызмет көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық байланыс арналарын дамыту  
БЖЗҚ-ның «Арал қаласындағы қызмет көрсету орталығы»  Арал қаласы Бақтыбай батыр №46 үйге келіп таңертең 9 00 ден кешкі 18 00 ге дейінүзіліссіз кез келген сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
Ғалия Айбусынова
Арал қаласындағы қызмет
көрсету орталығының бастығы
 
26 маусым 2018 ж. 1 519 0