Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Цой Қазақстанның қай аймақта орналасқанын айтты

Коронавирус: Цой Қазақстанның қай аймақта орналасқанын айтты

Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.
Әлемде 171 011 960 КВИ жағдайы тіркелді. Күніне шамамен 392 093 жағдай тіркеліп отыр. Коронавирус инфекциясынан 3 547 894 адам қайтыс болды. Өлім көрсеткішісі 2,1%-ды құрап отыр.

Әлем рейтингінде ауру жұқтыру көрсеткіші бойынша Қазақстан 221 елдің ішінде 104-орында тұр. Ал соңғы төрт аптада өлім көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясы 5 бірлікке төмен түсті. Атап айтқанда, 107-ден 112 орынға түсті, - деді министр.
Цой атап өткендей, Қазақстанда 1 маусымдағы жағдай бойынша КВИ-ге ПТР тест сынамасы оң 387 672 жағдай тіркелсе, ал КВИ-ге ПТР тест сынамасы теріс 55 263 жағдай анықталды.

Қазақстан Республикасы «сары аймақта» орналасқан. «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы және Қарағанды облыстары, «сары аймақта» 6 өңір – Алматы қаласы, ШҚО, СҚО Атырау, Павлодар, Қостанай облыстары бар. Қалған 8 өңір «жасыл аймақта» орналасқан, - деп түсіндірді Денмин басшысы.
Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру төмендеп келеді.

Оның сөзінше, соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін немесе өткен аптамен салыстырғанда 21%-ға төмендеді.

Жалпы, соңғы айда ауру 1,6 есе азайды.

baq.kz
01 маусым 2021 ж. 290 0