Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов халық арасында

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов халық арасында

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал қаласындағы Б. Ермағанбетов көшесі № 15 үйдің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тозығы жеткен үйдің бірқатар өзекті тұстарын аудан әкіміне жеткізді. Тұрғындардың уәжіне құлақ түрген аудан басшысы ғимаратта орналасқан пәтерлерді аралап, жағдайымен танысып шықты. Одан соң бұған дейін тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жаңа тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысына облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өтінім тапсырылғанын жеткізді. Сонымен қатар бұл мәселе үнемі әкімдіктің назарында екендігін айтып, облыстық комиссия шешімімен қаржы бөлінген жағдайда жаңа тұрғын үй құрылысы басталатынын түсіндірді.

Атап өтейік, бұл нысан 1960 жылы № 199 мектеп ғимараты есебінде тұрғызылған. Кейін нысаннан білім ордасы мәртебесі алынған соң, қала халқын баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй ретінде ыңғайластырып берген. Бүгінде ғимараттың біршама жерлері табиғи жауын-шашынның салдарынан тозығы жеткен. Кейбір тұстарында жарықтар да пайда болған.

2019 жылғы 23 маусымдағы «СтройСити LTD» ЖШС-нің №38 эксперттік шешімімен және аудандық таурлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қорытындысымен ғимарат апатты деп танылған.

Бұрынғы мектеп болған ғимараттағы 14 пәтерде 67 тұрғын қоныстанған.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

02 маусым 2021 ж. 391 0