Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі М. Оразбаев тұрғындардың өтініші негізінде Арал қаласы, Б. Ермағанбетов көшесі № 15 үйдің тұрғындарымен жүздесті.
Кездесу барысында тұрғындар тозығы жеткен үйдің бірқатар өзекті тұстарын аудан әкіміне жеткізді. Аталған нысан 1960 жылы № 199 мектеп ғимараты есебінде тұрғызылған. Кейін нысаннан білім ордасы мәртебесі алынған соң, қала халқын баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй ретінде ыңғайластырып берген. Бүгінде ғимараттың біршама жерлері табиғи жауын-шашынның салдарынан тозығы жеткен. Кейбір тұстарында жарықтар да пайда болған.
Тұрғын үйдің қазіргі жағдайына қаныққан аудан әкімі нысан басында тұрып: "Бұл әкімдіктің басты назарында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Сіздердің жағдайларыңызды жақсы білемін. Қолданыстағы заң бойынша ғимарат алдымен апатты жағдайда деп танылуы қажет. Жарамсыз деп қорытынды алынғаннан кейін заңда көзделген нормалар негізінде тиісті шаралар жүргізіледі", - деп тұрғындарға түсініктеме берді. Кездесу қорытындысымен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, ұдайы бақылауда ұстауды міндеттеді.
Айта кеткен жөн, ғимарат ішінде 15 пәтер бар. Онда 61 азамат қоныстанған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
26 мамыр 2020 ж. 443 0