Биыл әлеуметтік осал топтарға 342 пәтер беріледі – Гүлшара Әбдіқалықова
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.– Мемлекет басшысы қабылдаған шешімдердің арқасында жағымсыз салдарды азайтып, экономиканың даму қарқынын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамиканы қамтамасыз ете алдық. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында өндеу өнеркәсібіндегі өндіріс 12,8%, ауыл шаруашылығында - 2,5% өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік саны 7,3% ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 62,5% артып, 198 мың шаршы метрден астам тұрғын салынды. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29% артық, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Облыста жалға берілетін 945 пәтерлік 54, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 үйдің құрылысы салынуда. Биыл облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға арналған тағы 342 пәтер мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынады.
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ










