Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: QazVaс вакцинасын шетелге экспорттауға дайынбыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: QazVaс вакцинасын шетелге экспорттауға дайынбыз

ДДСҰ QazVac вакцинасын төтенше жағдайларда пайдалануға кеңес беретін дәрі-дәрмектердің тізіміне енгізуді қарастырып жатыр.
Қазақстан өзі дайындап шығаратын коронавирусқа қарсы QazVaс вакцинасын шетелдерге экспорттауға және көлемін арттыруға дайын. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтты деп хабарлайды  Ақорда. 
Медициналық қызмет көрсету экспорты саласында Үкімет жеке медицинаны және медициналық туризмді енгізу ісін дамыту жөніндегі «General Electric» компаниясының ұсынысын қарастырады. 
"Қазақстан – өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірлеп шығарған аз ғана елдердің бірі. Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесу өткіздім. ДДСҰ QazVac вакцинасын төтенше жағдайларда пайдалануға кеңес беретін дәрі-дәрмектердің тізіміне енгізуді қарастырып жатыр. Біз вакцина көлемін арттыруға және оны шетелге экспорттауға дайын екенімізді атап өткім келеді", –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

sn.kz
11 маусым 2021 ж. 279 0