Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Келесі аптада вакцина өндірісін іске қосамыз

Тоқаев: Келесі аптада вакцина өндірісін іске қосамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі отырыстың әлемдік экономика мен саясаттағы көптеген маңызды проблемалар төңірегінде өтіп отырғанын, дүниежүзіндегі қиын ахуалды коронавирус пандемиясы одан әрі шиеленістіріп жібергенін жеткізді. Қазақстан Президенті ортақ мүдделерді ескере отырып бірқатар ұсыныс жасады, оның ішінде, коронавирус індетіне бірлесе қарсы күресуге қатысты ойын ортаға салды.
"Бүгінгі күннің ең басты міндеті – азаматтарымыздың коронавирусқа қарсы вакцинаға кең көлемде қол жеткізуіне мүмкіндік жасау. Осы орайда COVID-19 індетіне қарсы жаһандық күресте әлемде бірінші болып вакцинасын тіркеген және халыққа екпе жасай бастаған Ресей Федерациясының жетекші рөлін атап өткім келеді. Қазақстан да өзінің вакцинасын әзірлеп жатыр. Оның сынамалары жақсы нәтиже беруде. Біз келесі аптада Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосамыз. Ол ресейлік те, қазақстандық та өнім ретінде экспортқа шығарылады", – деді мемлекет басшысы.
Президент әріптестерін өздерінің сыртқы саясат ведомство басшыларына БҰҰ аясында Ауруларды бақылау және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі аймақтық орталықтар желісін, сондай-ақ, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жайындағы Қазақстанның БҰҰ-да жасаған ұсынысын қолдау үшін тапсырма беруге шақырды.
stan.kz
18 желтоқсан 2020 ж. 474 0