Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы кітапханасы мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған конкурс жариялайды

Елбасы кітапханасы мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбында жыл сайынғы халықаралық конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату, халықаралық кеңістікте еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету, баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.
Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:
«Үздік теледидар материалы»;
«Үздік радиоматериал»;
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
«Ғаламтордағы үздік жарияланым»;
«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».
Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.
Конкурсқа 2020 жылғы 10 қазан мен 2021 жылғы 10 қазан (қоса алғанда) аралығында ресми жарыққа шыққан (жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған)бірегей авторлық материалдар қабылданады.
Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады.Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 20 қазанға дейін (қоса алғанда) келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен немесе presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасы арқылықабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-53, 693059).
Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www.fnn.kz сайттары арқылы танысуға болады.
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты
баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы
ашық халықаралық конкурстың
ЕРЕЖЕСІ
1. Негізгі ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ) қызметкерлерінің арасында номинацияларына сәйкес ашық халықаралық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
2. Конкурс номинациясы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
3. Конкурстың мақсаты:
1) қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату;
2) халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету;
3) баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
4) халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
5) Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
4. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1)«Үздік телевизиялық материал» (телеочерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір, деректі фильм);
2) «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4) «Ғаламтордағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, очерк, талдамалық шолу, сұхбат, репортаж, шолу, эссе);
5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалдар).
5. Конкурстың өткізілуіне қатысты барлық ақпарат ұйымдастырушылардың сайттарында (www.presidentlibrary.kz, www.fnn.kz) жарияланады.
6. Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың сайтында (www.presidentlibrary.kz) және YouTUBE порталында (арна атауы – ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасы кітапханасының қызметі туралы бейнематериалдар орналастырылады.
2. Номинациялардың сыйақы көлемі
7. Конкурстың сыйақы қоры 11 000 000 теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:
«Үздік телевизиялық материал»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Үздік радиоматериал»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Ғаламтордағы үздік жарияланым»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
8.  Жүлделі орындарды иеленген конкурсанттарға арнайы төсбелгі, куәлік, диплом мен ақшалай сыйақы беріледі.
3. Конкурстың мерзімі мен шарттары
9. Конкурсқа 2020 жылғы 10 қазан мен 2021 жылғы 10 қазан (қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
10. Конкурсқа қатысу өтінімдері 2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында пошта арқылы мына мекенжайға: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен немесе presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-51, 69-30-56, 69-30-57.
11. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар негіздеме болып табылады:
1) үлгіге сәйкес толтырылған өтінім-сауалнама;
2) конкурстық жұмыс;
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) БАҚ басшысы растаған жұмыс орнынан анықтама;
5) аталған БАҚ-та материалдың жарияланғанын растайтын эфирлік анықтама.
12. Конкурсқа жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
13. Автор (немесе авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларына ұсынған жұмыстың БАҚ-қа орналастырылуына автоматты түрде келісім береді.
14. Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі:
1) телевизиялық өнім – бейнесюжет пен оның ғаламтордағы сілтемесі, жарияланғанын растайтын анықтама;
2) радиохабар өнімі – аудиожазба мен оның жарияланғанын растайтын анықтама;
3) мерзімді баспасөз өнімі – газеттегі мақаланың сканерленген нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесі көрсетілген құжат;
4) БАҚ ғаламторындағы өнім – материалдың «Word» форматындағы нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесі көрсетілген құжат.
15. Конкурстық жұмыстар көлемі жағынан шектелмейді.
16. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):
1) конкурстық жұмыс мазмұнының конкурстың мақсаттарына сәйкестігі;
2) шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;
3) жұмыс мазмұнының тереңдігі;
4) орындаудың техникалық деңгейі (оның ішінде инфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);
5) жалпы эстетикалық және эмоцияналдық қабылдауы.
17. Конкурстық жұмыс әлемнің барлық тілдерінде қабылданады.
18. Автор (немесе авторлар ұжымы) Конкурстық жұмыстың мазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.
19. Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа іріктелінбейді.
20. Конкурс ұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін, авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
21. Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлық бермеуге, сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлуге құқылы.
22. Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
4. Конкурс қорытындылары
23.Конкурс қорытындысын Конкурстық комиссия шығарады.
24. Конкурс өтінімдері 2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазанға (қоса алғанда) дейін қабылданады.
25. Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 25 қарашаға дейін іріктеледі.
26. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтеді.
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты
Баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы
ашық халықаралық конкурсқа қатысудың
ӨТІНІМ – САУАЛНАМАСЫ
Қатысушының тегі, аты-жөні (толық):__________________________
Туған күні, айы, жылы__________________________________________
Жұмыс орны:________________________________________________
Лауазымы:__________________________________________________
Номинация:_________________________________________________
Конкурстық жұмыстың атауы:_________________________________
Конкурстық жұмыстың ұзақтығы______________________________

syrboyi.kz
16 маусым 2021 ж. 298 0