Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Блок-бекеттердегі кезекшіліктің өз қиындығы бар

Блок-бекеттердегі кезекшіліктің өз қиындығы бар

"Мен блок-посттан оралғанда инфекцияны үйге әкелуге қорқатынмын. Сол үшін отбасымызды қатерге тікпеу үшін үйге бармай қалған кездер де болды. Уақыт өте келе пандемия режимінде өмір сүруді үйрендік, өзімді індет жұқтырудан мұқият қорғадым" – дейді Сәуле Ахметқызы.

Коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмғандарды жерлеудің өз тәртібі белгіленді. Мұндағы мақсат қауіпті індеттің халық арасында таралуының алдын алу еді. Бұл талаптардың тиісті деңгейде орындалуы да сан-эпид мамандарына жүктелді. Сәуле Ахметқызы ковид құрбандарын жерлеу рәсімдеріне өзі қатысып, қауіпсіздік шаралардың бұлжытпай орындалуын бақылады.
Эпидемиолог маман бұл ауыр кезеңді жүрекпен еске алады. Сондықтан халықтан сақтық шараларына салғырт қарамауға шақырады.

Саймбетова Сәуле Ахметқызының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет етіп келе жатқанына 10 жылдан асты.

"Осы уақыт аралығында қызылша, оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты түрлі вирустық аурулардың топтық тіркелімдерімен жұмыс жасағанымызбен, пандемия, вирустың жаппай тарауы сияқты құбылысты бұрын соңды кездестірген емеспін"- дейді эпидемиолог.

Ия, вирустың баршаға беймәлім түрі COVID-19 тек біздің елде ғана емес әлем медицинасын әбігерге салғаны рас.
"Біз коронавирустың келуіне дайындалдық, әлемдік тәжірибені зерттедік. Бірнеше рет оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік. Оқу орындарында бізді кез-келген жағдайға, соның ішінде эпидемияға дайындады. Бірақ барлығы тәжірибемен бірге келеді." - дейді эпидемиолог.
Сәуле Ахметқызы Қармақшы ауданында орналасқан блок-бекеттерде қызмет етті. Ауданға кіретін әр азаматтың денсаулық жағдайын тексеріп, карантиндік стационарға жату қажеттілігін, ПТР анализдерін алу керектігін, ауру жұқтырып алу қаупі жоғары аймақтарда болған-болмағандығын білу үшін және әрі қарай медициналық бақылауда алу үшін аймақтық дәрігерлерге деректер жіберу мақсатында эпидемиологиялық сауалнама жүргізді.

"Мен блок-посттан оралғанда инфекцияны үйге әкелуге қорқатынмын. Сол үшін отбасымызды қатерге тікпеу үшін үйге бармай қалған кездер де болды. Уақыт өте келе пандемия режимінде өмір сүруді үйрендік, өзімді індет жұқтырудан мұқият қорғадым" - дейді Сәуле Ахметқызы.

Коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмғандарды жерлеудің өз тәртібі белгіленді. Мұндағы мақсат қауіпті індеттің халық арасында таралуының алдын алу еді. Бұл талаптардың тиісті деңгейде орындалуы да сан-эпид мамандарына жүктелді. Сәуле Ахметқызы ковид құрбандарын жерлеу рәсімдеріне өзі қатысып, қауіпсіздік шаралардың бұлжытпай орындалуын бақылады.

Эпидемиолог маман бұл ауыр кезеңді жүрекпен еске алады. Сондықтан халықтан сақтық шараларына салғырт қарамауға шақырады.

"Толқын" ақпарат 



17 маусым 2021 ж. 199 0