Қызылордалық БАҚ өкілдері марапатталды

«Қалың бұқара Өздеріңізді еліміздегі төртінші билік санап, тегеурінді күш ретінде таниды. Бұл журналистердің билік пен халықты байланыстыратын мызғымас алтын көпірдің қызметін атқаратынын айғақтайды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, өзгерістер, қоғамдық ой таразысы, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер бәрі-бәрі ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі мен ой-пікірі қоғамды қалыптастырудың әрі оны алға жетелеудің негізгі дәнекері болып табылады. Осы орайда ақпарат саласында еңбек етіп жүрген барша БАҚ өкілдерін бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтаймын!»,-деді Мира Жомартқызы.
Сонымен қатар, «Сыр Медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев пен «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Жағыппар Қарабала журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

kyzylorda-news.kz