Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Құрметті сала ардагерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазір ақпараттық кеңістіктің дәуірлеген кезеңі деуге болады. Бұл әрине, қаламгер қауымы мен баспа, телеарна, ғаламтор желісімен жұмыс жасайтын қызметкерлердің тәжірибесі, қарым-қабілеті мен дарыны, еселі еңбегінің жемісі.
Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Ой қуалап, сөз ұйқастыру одан шымыр дүние жазып шығару екінің біріне бұйырмаған асыл қасиет.
Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты» деген болатын.
Бүгін қалам ұстаған, сөз құдіретін түсінген жандардың ортақ мерекесі. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, рухани мәдени көзқарастар, сыни пікірлер ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралы қоғамды алға жетелеудің басты дәнекері. Осы орайда, мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты дамуын, жетістіктерін насихаттауда журналистер қауымының рөлі қашан да жоғары. Еліміздің бүгіні мен ертеңін қалыптастыруда, тұрақтылығын қалыпты ұстауда айрықша маңызға ие.
Қалың бұқара өздеріңізді еліміздегі төртінші билік санап тегеурінді күш ретінде таниды. Бұл журналистердің билік пен халықты байланыстыратын мызғымас алтын көпірдің қызметін атқаратынын айғақтайды.
Сіздердің қаламдарыңыздан туындаған дүниелер өңіріміздің тыныс-тіршілігінің айнасы, ұрпақтан ұрпаққа мирас болар ертеңгі тарихи шежіресі.
Журналистика саласында халыққа кіршіксіз қызмет атқарып, үлкен құрмет пен ілтипатқа ие болып жүрген аға буын – ардагерлерімізбен қатар, өз ісінің майталман маманы болып өсіп-өркендеп келе жатқан жас журналистердің де еңбектері ерен.
Қымбатты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!
Сіздер ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып келесіздер.
Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін.
Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ұшқыр ой, отбасыларыңызға амандық  тілеймін.
Мереке  құтты болсын!

        Құрметпен,  аудан әкімі С.Сермағамбетов
26 маусым 2021 ж. 387 0