АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

-Журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Соның ішінде 90 жылдан бері оқырман қауымның айнымас серігі, рухани азығына айналған «Толқын» газетін жаңалық пен жақсылықтың жаршысы деп санаймын. Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Соның ішінде, еліміздегі күрделі кезеңді еңсеріп, халықтың саулығы мен амандығы жолында бірлікте болуға үндеп келе жатырған қызметтеріңіз бір төбе. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер. Бәріңізге шығармашылық шабыт, ұшқыр ой, қарымды қалам, жемісті еңбек тілей отырып, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын,-деді Мұхтар Әуесұлы.
Әрі қарай аудан әкімі «Толқын» газетінің 90 жылдық торқалы мерейтойын тиісті деңгейде атап өту барысына тоқталды. Өз кезегінде аудандық газеттің бас редакторы Абай Елеш те сөз алып, редакция атынан ризашылығын білдірді. Газет ұжымның талапқа сай жұмыс жасауға мүмкіндігі бар екенін, бұқара халық пен билік арасындағы алтын көпірге сызат түсірмеу жолында жылдар бойы жалғасып келе жатқан жұмыстар жандана беретіндігін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.