Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда вакцина алмаған қызметкерлердің жұмыс орнына келуін шектейтін компаниялар мен кәсіпорындар тізімі көрсетілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тізімде соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім алған және COVID-19 жұқтырып, ауырып жазылған адамдар ерекше қаралады.
Тізімге мынадай ұйымдар/нысандар кіреді:
- қызмет көрсету жөніндегі нысандардың (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі нысандар, өзге де нысандар);
- халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
- мәдениет және демалыс нысандары (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары);
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
- қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
- дәріхана ұйымдары;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
- демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
- байланыс және телекоммуникация нысандары;
Егер қызметкер вакцина алмаған болса, ол міндетті түрде ПТР-сынамасын 7 күнде бір рет тапсыруы керек.
aqmeshit-aptalygy.kz