Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Қазақстандағы вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 


"Шекарадан өтерде, мысалы Қырғызстанмен шекарада көптеген адамдар вакциналау паспортын көрсетеді және олардан QR-код талап етіледі. Сол арқылы адамның вакцина алған-алмағанын тексеруге болады. Қазақстанның вакциналау паспортында мұндай код жоқ. Оны енгізу жоспарда бар ма?", – деп сұрақ қойды журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 
Вице-министр Әсет Тұрысов eGov mobile-да QR-код әзірленіп жатқанын және вакциналау паспортына енгізілетінін айтты. 
"Сонымен қатар вакциналау паспорттарының қағаз нұсқаларында QR-код бар. Сондықтан шетелге шығарда шекарада қиындықтарға тап болмау үшін қағаз нұсқасын алуға болады. EGov mobile-ға келсек, енгізу жұмыстары жүріп жатыр", – деп атап өтті Әсет Тұрысов.

stan.kz
02 шілде 2021 ж. 346 0