Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі С. Сермағамбетовтің Елорда күнімен құттықтауы

Аудан әкімі С. Сермағамбетовтің Елорда күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
 Сіздерді Елордамыздың мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің төріне айналған Алаш жұртының асқақ айбары – ару қаламызға 23 жыл.
Астанамыз Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бас қала атанып, экономикасы қуатты, еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналды. Тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.
Арқа төсінде уақытпен үндесе бой түзеген еліміздің астанасы Еуразия төріндегі сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен ғажайып мекенге айналды. Айрықша ғимараттар мен елордамыздың заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті болды. Қазір бас шаһар әлемдік сәулет өнерінде қала мен даланы үйлестіре білген,  бейбітшілік пен келісім орталығына айналды.
Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады. Бас қаланың көркейіп, сәулетіне сәулет қосуы – біз үшін үлкен мәртебе.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды Елорда күні мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақыт пен ырыс-береке тілеймін.
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Бас қаламыз күннен-күнге қарыштап дамып, көркейе бергей!

Ізгі ниетпен Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
06 шілде 2021 ж. 524 0