Мәжіліс депутаты шалғайдағы шаруалармен жүздесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Қазалы ауданына сапары кезінде Қызылқұм беткейіндегі малшылармен кездесті.
Халық қалаулысымен кездесуде шаруалар өңірдегі орын алған қиыншылықтарды тілге тиек етіп, көмек қолын созуды сұрады.
Шаруалардың айтуынша биыл қуаңшылықтың кесірінен жерге көк шықпай, төрт түлік жейтін шөп пен ішетін су таппай қиналуда. Бір қуанарлығы, Қызылқұм беткейдегі халықтың малы ауыл маңындағы бұлақтардан су ішіп, аман қалуда.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл бұл тығырықтан шығудың жолдары қарастырылатынын айтып, «малым – жанымның садақасы» деген ағайынға қалай да көмек берілетінін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың Қазалы ауданына сапары кезінде аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркебұлан Жүрсінбаев бірге жүрді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі