Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды

Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды

Педагогтары мен қызметкерлері 100% вакцина салдырған мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшеді. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Nur Otan» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуға тиіс. Кеңес мүшелері офлайн оқуға оралу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек деп отыр.  
«Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды», – деді денсаулық сақтау министрлігінің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов.
Ал білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 қыркүйектен бастап 7,5 мыңға жуық мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған «Жол картасы» аясында биыл 200 мектеп салу және 1 мың мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.
«Әр сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек деген талап қойылды. Ата-аналар санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде», – деді Шолпан Каринова.

kyzylorda-news.kz​​​
10 шілде 2021 ж. 363 0