Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, мұң-мұқтаждары мен ұсыныстарын тыңдады.
Ең алдымен аудан басшысы Жақсықылыш кентінің тұрғынын онлайн форматта қабылдап, жұмысқа орналасу барысында туындаған мәселесіне құлақ түрді.

Ондан әрі қала тұрғындары тарапынан аспалы көпір салу, ауыз су құбырларын ауыстыру, Арай мөлтек ауданы аумағындағы 16 көшені асфальттау, тазалық мәселесі және қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыру сынды ұсыныстар айтылды.

Ал, Тоқабай елді мекенінің тұрғыны ауылдағы мектеп мәселесін қозғаса, Сексеуіл кентінің тұрғыны кенттен лас-қоқысқа арналған полигон салу, электр жарығы мен ауыз су беру бағытында орын алған кемшіліктерді атай келе, кентте жаңадан бой көтерген мектепке жұмысқа орналасу жайын қозғады.

Аудан әкімі қабылдау барысында айтылған әр мәселеге жекелей тоқталып, кейбір мәселелерді шешу бағытында жұмыстардың басталып кеткенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар шешілмейтін мәселе жоқтығын алға тартқан аудан басшысы әр мәселені таразылай келе, қолданыстағы заң нормаларына сәйкес орындалу қажеттілігін жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.








Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 шілде 2021 ж. 400 0