Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ орманшыларының көмегі ауданға жетті

Аймақ орманшыларының көмегі ауданға жетті

Бүгін Қызылорда, Жалағаш және Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемелекеттік мекемелерінің қызметкерлері арнайы ауданымыздағы қуаңшылық мəселесіне орай мал азығына қажетті шөп жеткізді.

Арал ауданына көмек ретінде жөнелтілген бір топ орманшылардың 560 прес шөбі Қамыстыбас елді мекеніндегі тұрмысы төмен мал бағатын 28 отбасына тегін таратылып берді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

18 шілде 2021 ж. 228 0