Ауданға алғашқы көмектің легі жеткізілді

Қуаңшылық жағдайындағы аудан тұрғындарына қол ұшын беруді мақсат еткен көмекті Жамбыл облысына қарасты Т.Рысқұлов ауданының Ақыртөбе ауылының жамағаты мен жастары жөнелткен болатын.
Осы орайда арнайы ауданымызға ат басын бұрған Қызылорда облысының Бас имамы Болатбек Абуов аталған қайырымдылық асары аясында күні ертең Қызылорда қаласынан жоңышқа шөбі жеткізілетіндігін айтып, алдағы уақытта мұндай көмектер еліміздің өзге де өңірлері арқылы жүзеге асырылатындығын жеткізді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі