Қармақшы ауданынан мал азығы жетті
Бүгінде ауданға жан-жақтан көмек көптеп келуде. Қалың қауымның қолға алған қайырлы бастамаларының нәтижесінде ауданға қарасты ауыл-аймаққа мал азығы әлі де жалғасуда. Көмекке асыққан Қармақшы ауданы, үшінші Интернационал ауылынан жеке кәсіпкер Марат Сәрсенбаевтың қолдауымен жеткізілген шөп қазіргі таңда бекбауылдықтарға арзан бағада босатылуда. Жеткізілген шөп 500 прес пішен.
Бекбауылдық ағайын қиын сәтте демеу болып, көмекке асыққан қармақшылықтарға ризашылықтарын білдіріп, осы жұмыстардың басы- қасындағы азаматтарға алғыстарын білдірді.
"Толқын" ақпарат