Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге қосымша қаражат бөлді
«Аралым - Айдын Шалқарым» қорының сұранысы бойынша Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге шұғыл көмекке қосымша қаражат бөлді. Қаржылық көмектің жалпы сомасы 263 млн теңгені құрады,
Осылайша көмек алатын аз қамтылған отбасылар саны 1318-ге дейін өседі. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі Көмектің алғашқы партиясы Қамыстыбас, Аманөткел, Сексеуіл және Бөген ауылдарына жетті, онда 506 отбасы 3565 қап жем алды.
Қызылорда облысының әкімдігі Болат Өтемұратов Қоры қоғам өкілдерінен құрылған арнайы комиссиямен бірігіп, қаражаттың жұмсалуы мен жемнің таратылуын бақылауда.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі