Аралдықтардың алғысы шексіз

Сонымен қатар жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан қомақты қаржының бөлінуі де аралдықтарға үлкен көмек болды. Бұл қаржы аймақтағы су ұңғымасын іске қосуға, жем-шөп қорын әзірлеуге, шөп бағасын тұрақтандыруға, басқа да жұмыстарға жұмсалады екен. Қай нәрсенің де есебі болатыны белгілі. Халықтың жағдайын жақсартуды назардан тыс қалдырмаған аталған қор өкілдері мен аудандық қоғамдық қор мүшелері қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалауда.
Бақылау бар жерде қай іс те берекелі болары сөзсіз. Жан-жақтан келіп жатқан көмектің, осындай жанашыр жандардың қолдауының арқасында аралдықтар мал азығынан тапшылық көрмейді деген сенімдеміз.
Осындай қысылтаяң шақта жанашырлық танытып, көмек қолын созған жамбылдық бауырларға, осындай игілікті іске бастамашы болған ел азаматтарына Арал халқының алғысы шексіз.
Ақылбек АЙТЕШОВ,
Сексеуіл кентінің тұрғыны, жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшесі