Жаңақұрылыс шаруаларына Қазалы өңірінен мал азығы жеткізілді

Осы орайда көршілес Қазалы ауданының құрметті азаматы Темірхан Кенжебаев Қазалы ауданымен іргелес жатқан, ауданымызға қарасты Жаңақұрылыс ауылдық округіне 500 прес шөп жөнелтті. Бүгінде демеушілік есебінен жеткен мал азығы 110 отбасыға теңдей үлестіріліп берілді.
Осындай сəтте шаруаларды қолдап, қиындықтан шығуға көмек берген азаматқа жергілікті халықтың айтар алғысы шексіз.

