Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Орталықтан екпе алғандар саны мыңға жетті

Қызылорда: Орталықтан екпе алғандар саны мыңға жетті

16 маусымнан бастап Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау пункті ашылып, екпе егу басталған болатын. Сол уақыттан бастап, сол жағалау тұрғындарына және сол жағалауда орналасқан мекеме қызметкелеріне ерікті түрде вакцина салынуда.
Ғаламды шарпыған індетке байланысты қазіргі таңда орталық ғимаратынан ашылған вакцинация пунктінде екпе егу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін есептік қорытынды бойынша, өз еркімен келіп 1000 тұрғын екпе қабылдады.
Сонымен қатар, орталық ғимаратында алғашында тұрғындар тек екпенің І кезеңін салдырса, қазіргі уақытта ІІ кезеңін де егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер екпе алғандар тарапынан әзірге ешқандай шағым жоқ екенін айтады. Науқастар үнемі бақылауда. Сондай-ақ, вакцинаны салу әр адамның еркіне қарай жүргізілуде.


kyzylorda-news.kz
09 тамыз 2021 ж. 333 0