Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпенің ешқандай кері әсері болған жоқ

Екпенің ешқандай кері әсері болған жоқ

Мен де өз еркіммен барып, вакцина салдырған азаматтар қатарындамын. Ел арасындағы қауесеттерге мән бермей, індетке қарсы екпе салдыру өз еркіңізде. Биылғы 2021 жылдың тренд сөзіне айналған «Вакцина» сөзі кімді болса да елең еткізері сөзсіз. Неге? Енді бірі қорқып, енді бірі мәжбүрлі түрде салдырып жатыр дейді. Алайда өзім барғанда көзім жетті. Ерікті түрде вакцина алып жатырған азаматтар жетерлік. Әрине басты мәселе – деннің саулығы ғой. Біз қоғамдық ортада көп жүретіндіктен, ұжымдық иммунитетті нығайтуымыз керек. Әйтпесе жұғу қарқыны жоғары індетті өзімізге де дарытып алуымыз мүмкін ғой. Ауа арқылы берілетіндіктен, бұл жерде сақтық шараларымен қоса екпе салдырудың да маңыздылығы мол дер едім. Сондықтан мен өзім үшін және отбасым үшін дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын.
Қазіргі таңда індетке қарсы амалдардың барлығын қарастырып жатқан азаматтар қатары жетерлік. Соның ішінде осы вакцина алдыруды таңдап жатқан тұрғындар да баршылық. Осы елдің азаматы ретінде мен де замандастарымды екпе салдыруға шақырар едім. Себебі біз осы жол арқылы індетке төтеп беретін төте жолды таңдаймыз. Осы қадамға барған жас ретінде екпенің ешқандай кері әсері болмағанын нық сеніммен айта аламын. Күнделікті өмірдегідей өзімді еркін әрі жайлы сезінемін. Сондықтан бұл мәселеде түрлі қауесеттерге сеніп, екпеден қашу ертеңіміз үшін қауіп екенін естен шығармасақ деймін.
Ә.ТОҚТАМЫСОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» маманы
04 мамыр 2021 ж. 434 0