Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер Ashyq қосымшасын пайдалануға міндетті

Студенттер Ashyq қосымшасын пайдалануға міндетті

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ЖОО мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін үш ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, педагогтер мен қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалар персоналын, 18 жастан асқан студенттерді 100 пайыз вакциналауды қамтамасыз ету қажет. Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдалану керек», деді министр.
Министр санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау және жатақханада бақылауды күшейту, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу қажеттігін баса айтты.
11 тамыз 2021 ж. 321 0