Лас суды төгуге арналған орынды белгілеу жөнінде отырыс өткізілді

Туындаған мәселеге орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен аудандағы лас суларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Басқосу барысында полифильтрация орнын өзгерту туралы мәселе жан-жақты талданды.
Қорытындысымен лас суларды төгуге арналған бірқатар орындардың жобасы белгіленіп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен нақтылау бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі