Тәуелсіздік және Арал
Арал өңірі үшін Тәуелсіздіктің 30 жылы – өркендеу, даму кезеңіне айналды. Елбасының бастамасымен қолға алынған, ғасыр жобасы -«САРАТС» арқылы қайтқан теңіз суы кемеріне келіп, ата кәсіп қайта жанданды.
Қазір теңіз айдынынан 22 түрлі балық ауланып, 9 балық зауытында жылына 3000 т. жуық өнім өңделуде.
Тәуелсіздіктің тағы бір үлкен сыйы – аралдықтар таза ауыз суға қол жеткізіп, көгілдір отынның игілігін көре бастады.
Ауылшаруашылығы саласында Кеңес дәуірінде ең жоғарғы көрсеткіш берген 1990 ж. салыстырғанда мүйізді ірі-қара 49 373 басқа (2,7 есе), жылқы малы 34 556 басқа (3,3 есе), түйе малы 27 750 басқа (3,1 есе) артып отыр.
Халыққа сапалы қызмет көрсететін 150 орындық аудандық аурухана салынды. Шалғай елді мекендерде 6 дәрігерлік-амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 7 медициналық бекет бой көтерді.
Тәуелсіздік жылдарында 36 білім ошағы салынып, апаттық жағдайдағы мектептер 98% жойылды. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сексеуіл кентінде салынған 300 орындық мектеп жаңа оқу жылында ашылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауданда 356 кәсіпкерлік субъекті болса, қазір бұл көрсеткіш 4299 жетті.
Биылғы жауынның аз мөлшерде түсуі мен ауа температурасының өте жоғары болуынан орын алған қуаңшылық мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінгі күнге дейін 590 мал басының өлімі тіркелді. Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап Арал ауданының аумағына төтенше жағдай режимі енгізілді.
Шаруаларды қолдау мақсатында Үкімет резервінен 1,7 миллиард теңге, облыс бюджетінен 250 млн.теңге бөлінді. Мұнан бөлек, Қазақстан теннис федерациясының президенті Б.Өтемұратовтың қорынан 263 млн. теңге көмек көрсетілді. Оған аудандағы аз қамтылған отбасыларға 98 млн. теңгеге 898,4 тн. бидай кебегі алынды. Аманөткел елдімекеніндегі «Асапай» су ағытқысы іске қосылады. Мал азығын дайындайтын сервистік орталықтар құруға 2 селолық тұтыну кооперативіне екі бірлік арнайы техника алынды.
Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 7 жоба жүзеге асырылып, 285 жұмыс орыны құрылады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы институттарымен 95 жобасы қолдау тауып, 445 тұрақты жұмыс орыны ашылды.
Құрылыс саласында 3,1 млрд. теңгенің жобалары іске асырылуда.
«Дағдарыс-мүмкіндік» формуласы негізінде Қазақстан қиын сәттерде жұдырықтай жұмылып, сынақтардан шынығып, жаңа жоспарлармен алға қадам басып келеді. Тәуелсіз Қазақстанмен бірге Аралдың да келешекке сенімі мол. Ең бастысы елдің ауызбіршілігінің және атқарылған осы сан-алуан жұмыстың нәтижесінде барлық мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін тауып келеді.
kyzylorda-news.kz