Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңсемізді тіктеген Егемендік

Еңсемізді тіктеген Егемендік

Егемендік жылдарында елімізде көптеген озық дәстүр пайда болса, соның бастыларының бірі адам еңбегін лайықты бағалау, сол арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Қазақта «Еңбегіне қарай құрметі» деген қанатты сөз бар. Қазақстанның ұлық мерекесі қарсаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы түрлі марапатқа ие болды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салалары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өндіріс, теміржол, бизнес саласының өкілдері бар.
Аудандық мәдениет үйінде өткен «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты шара ортаға Мемлекеттік Ту әкелініп, Әнұранның асқақтата шырқалуымен басталды. Одан соң аудан әкімі М.Оразбаев сөз алып, көпшілікті Тәуелсіздік күні мереке¬сімен құттықтап, егемендік жылдарында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің ерекше қарқын алған¬ды¬ғын айтып өтті.
– «САРАТС» жобасының өмірге келуімен ата кәсібіміз қайта жанданды. Қазіргі таңда теңіз айдынынан 22 түрлі балық ауланып, жылдық қуаттылығы 19 мың тоннадан астам 8 балық зауыты жұмыс істеуде. Аралдықтар үшін тағы бір үлкен сый – таза ауызсуға қол жеткізу еді. Елбасы Аралда арнайы жұмыс сапарымен болып, тұрғындардың таза ауызсуға қол жеткізген қуанышына ортақтасты. Бірнеше жылдан бері қала халқы көгілдір отынды пайдалануға қол жеткізді. Сондай-ақ «Бейнеу-Жезқазған» шойын жолы бет¬пақ даланы кесіп өтіп, Сексеуіл кенті мен Қарақұмның құмын жарып өтіп жатқан «Қы¬зыл¬орда-Нұр-Сұлтан» пойызының жүруі¬не жол ашты, – дей келе, өндіріс пен ауылшаруа-шылығында қол жеткізген табыстар мен ден¬саулық, білім салаларында жаңадан са¬лынған нысандардың ел игілігіне пайда¬лану¬ға берілгендігіне кеңінен тоқталды.
Одан соң мемлекеттік қызметке қабыл¬данған мамандардың мемлекетке адал қыз¬мет етуге және қойылған міндеттерді тиянақ¬ты орындауға ант беру рәсімі өтті.
Келесі кезекте аймақтың әлеуметтік-эко¬номикалық өсіп-өркендеуіне қосқан ерек¬ше үлесі үшін бір топ азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатын түрлі сала қызметкерлері иеленді. Сондай-ақ «Қы-зылорда қаласына – 200 жыл» және «Жала¬ғаш ауданына – 80 жыл» мерекелік медалі арал¬дық азаматтардың кеудесіне тағылды. Ал «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы қоғам үшін елеулі еңбек еткен бірқатар азаматқа берілді.
Салтанатты шара барысында қоғам жұмы¬сына белсене араласқан бір топ азамат Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар¬ла¬масы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлға¬сы» және «Жылдың үздік ұйымы» номинация¬ларын иеленді.
Мерекелік шарада аудан өнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ән мен күй, жыр мен терме ұлық мерекенің салтанатын одан әрі аша түсті.
16 желтоқсан 2019 ж. 758 0