Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдағы каналдарға дариядан су құйылып жатыр

Аралдағы каналдарға дариядан су құйылып жатыр

Аралдағы каналдарға дариядан су құйылып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Қуаңшылық жайлаған Арал өңірінде су тапшылығын жою бағытында бірқатар жұмыстар күн тәртібіне қойылған болатын. Қазіргі уақытта теңіз төскейінде тиісті шаралар атқарылуда.
ЭК тілшісі Қамыстыбас ауылдық округінің əкімі Нұржау Ділмағанбетовке хабарласты. Оның айтуынша, қазір Аманөткел елді мекеніндегі Бұрмақұлақ (Тоспай) жүйесі іске қосылып Қамбашқа, көлдерге қарай дариядан су құйыла бастады.
Қамбаш көлін суландыру мақсатында бөгет бөгелді. Қазіргі уақытта су келіп жатыр. Ал қанша құйылып жатқаны 1-2 күнде жиектен көрінеді,
-деді Қамыстыбас ауылының әкімі Нұржау Ділмағанбетов.


Биыл 12 шілдеден бастап Арал ауданында Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім күшіне енгізілді. Аманөткел елді мекенінде орналасқан Бұрмақұлақ учаскесіндегі дария арнасын бөгеу жұмыстарына қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

exk.kz
27 тамыз 2021 ж. 397 0