Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт-түлік малды жем-шөппен қамтамасыз ету барысы талқыланды

Төрт-түлік малды жем-шөппен қамтамасыз ету барысы талқыланды

Кеше облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлының төрағалығымен онлайн режимде азықпен қамтамасыз ету және жедел ден қою мәселелерін шешуді үйлестіру жөніндегі штаб отырысы өтті.
Мәжіліске облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.
Мәжілісте биылғы жылдың қысына түсетін төрт-түлік малды қажетті жем-шөппен қамтамасыз етуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланды. Облыс әкімімен бекітілген іс-шарасына сәйкес биылғы қысқа түсетін 534,7 мың шартты мал басына 769,9 мың тонна ірі азық дайындау жоспарланған болатын. Осыдан бүгінгі күні облыс бойынша 644,6 мың тонна шөп дайындалып, қажеттіліктің 83,7 пайызын құрап отыр.
Жиын барысында басқарма басшысы облыс бойынша күріш егінін жинау науқаны басталуына орай, күріш сабанын жинап алуға кірісу қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ, қысқа түсетін ауыл шаруашылығы малдарын жем-шөп қорымен қамтамасыз етудің бекітілген іс-шара жоспарында 24 бағыты қамтылған. Осыдан бүгінгі күнге 16 бағыт бойынша тапсырмалар орындалып, қалған 8 бағыты орындалуда.
Осыған орай, басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы қыркүйек айының соңына дейін Арал ауданына жеткізілетін тиісті шөп көлемінің жоспарын толығымен жеткізуді айтып өтті.Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы мәжілісті қорытындылай келе, қала және аудан әкімдіктерінің салаға жауапты орынбасарларына төрт-түлік малды қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету бағытындағы тиісті жұмыстарды қатаң бақылауға алып, облыс аумағындағы күріш өңдеу кәсіпордарының жем өнімдерін сыртқа шығармаулары жөнінде тапсырма берді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
02 қыркүйек 2021 ж. 251 0