Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған 72 тонна жем тұрғындарға үлестірілді
![](/uploads/posts/2021-09/medium/1631528462_1.jpg)
Аталған қор есебінің кезекті легімен алынған 72 тонна бидай кебегі ауданға жеткізілді. Бидай кебегі Сексеуіл кенті мен Ақирек, Бөген ауылдық округтеріндегі тұрмысы төмен мал ұстап отырған отбасыларға жергілікті жердегі қоғамдастық кеңесінің шешімімен таратылды.
![](/uploads/posts/2021-09/medium/1631528548_2.jpg)
![](/uploads/posts/2021-09/medium/1631528562_3.jpg)
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі