Бөген тұрғындарына жем таратылды
![](/uploads/posts/2021-09/medium/1631606194_1.jpg)
Бөген ауылдық округіне жеткізілген 1448 қап бидай жемінің 542-сі округке қарасты Қарашалаң елді мекенінің тұрғындарына үлестіріп берілді. Қалған жем Бөген елді мекенінің тұрғындарына теңдей таратылды.
Атап өтейік, бұған дейін де Б. Өтемұратов қорынан алынған азығы ауылдық округке әкелініп, тұрғындарға үлестірілген болатын.
![](/uploads/posts/2021-09/medium/1631606304_2.jpg)