Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтар «BIRGE - TAZA QAZAQSTAN» акциясына үн қосты

Аралдықтар «BIRGE - TAZA QAZAQSTAN» акциясына үн қосты

Бүгін елімізде бүкіләлемдік «World cleanup Day/ «BIRGE - TAZA QAZAQSTAN» акциясы өтуде. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған аталмыш тазалық шарасына аралдықтар да белесене араласып, акцияға үн қосты.

Иә, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында аудан әкімі С. Сермағамбетов бастаған табиғат жанашырлары өздеріне берілген аймақтарды тазартып, қала келбетінің келісті болуы үшін тер төкті. Барлық мекеме қызметкерлері жұмылдырылған акцияға аудан бойынша 1093 адам, 27 техника жұмылдырылып, 114 тонна күл-қоқыс тиісті орындарға шығарылды.

Тазалық шарасы барысында аудан басшысы Арал қаласынің ішін және шет аймақтарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалап шықты. Өкініштісі сол, қала аумағын шарлау барысында өткен аптада ғана тазартылған аумақтарға тұрғындардың қоқыс қалдықтарын бей-берекетсіз тастағаны анықтылды. Тіптен, екі бірдей тұрғынның қоқысты үй маңындағы аумаққа тастау фактісі анықталды. Тазалыққа салғырт қараған тұлғаларға заңнамаға сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Осы жағдайларға куә болған аудан әкімі 7 секторға жауапты мобильді топ мүшелері мен полиция инспекторларына белгіленген аумақтарды күндіз-түні бақылап, тазалық жанашырларының еңбегіне немқұрайлы қарап, табиғатты ластағандарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Туған мекеніне жанашырлық көзқараспен қарай алмайтын тұрғындарға да аяушылық танытудың қажет еместігін ескертті.

Расында, қала тазалығы жалғыз мемлекеттік орган қызметкерлері үшін емес, әрбір аудан тұрғыны үшін қажет-ақ. Сондықтан осындай тазалық шараларында реттеліп, тазартылған аумақтарды ендігі ретте тап-тұйнақтай етіп ұстау тұрғындардың адами жауапкершілігіне байланысты екені даусыз.

Жалпы ауданынымыздың тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Осы ретте барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып, тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.





Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

18 қыркүйек 2021 ж. 409 0