Қызылордада «Үздік жас маман – 2021» байқауы қорытындыланды
Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік тапсырысы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үздік жас маман – 2021» облыстық байқауы қорытындыланды.
Байқауға 100-ге жуық әр саланың жас мамандары құжаттарын ұсынған. Азаматтық институт өкілдерінен, қоғам белсенділерінен құралған комиссия шешіміне сәйкес 10 жас маман 8 номинация бойынша марапатталды.
• «Үздік жас мәдениет қызметкері» номинациясы бойынша Шуақбай Ақнұр Серікқызы және Мырзалиева Гүлнар Найзағұлқызы;
• «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Жақсылыққызы Айнұр және Майлыбаева Алмажан Нұржанқызы;
• «Үздік жас ІТ маманы» номинациясы бойынша Қорғанбек Досжан Темірханұлы;
• «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша Шарапат Раушанбек Айбекұлы;
• «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша Көшербаева Зәуреш Болатқызы;
• «Үздік жас ауылшаруашылық қызметкері» номинациясы бойынша Болатбек Нұрдәулет Болатбекұлы;
• «Үздік жас құрылысшы» номинациясы бойынша Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы;
• «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша Жұмадинова Гүлдана Нұртайқызы.
kyzylorda-news.kz