Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тұмар" сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

"Тұмар" сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

Таяуда "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды.
Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталып, 1 млн теңге көлемінде сыйақы және естелік мүсінше берілді.  

Аталымдар мынадай:
"Үздік ақпараттық бағдарлама" аталымы бойынша Еуразия телеарнасының "Аналитика" бағдарламасына бұйырды.

"Үздік тележурналист" аталымы бойынша "ATAMEKEN BUSINESS" телеарнасының журналисі Руслан Идрисов жеңімпаз атанды.

"Үздік деректі фильм" аталымын  "Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр" жобасын ұсынған "Сарыарқа" телеарнасы алды.

"Үздік тележүргізуші" аталымы бойынша КТК телеарнасының қызметкері Кәмила Жүсіпова үздік деп танылды.

Ал "Үздік әлеуметтік жоба" номинациясы пандемия кезінде Qazaqstan ұлттық арнасы арқылы көрерменге жол тартқан "Теледәрігер" бағдарламасына бұйырды.

Qazaqstan ұлттық телеарнасының "Жүзден жүйрік" атты тағы бір жобасы "Үздік ойын-сауық бағдарламасы" аталымына ие болды.

"Үздік аймақтық телеарна" номинациясын Павлодар қаласының "Ирбис TV" арнасы жеңіп алды.

"Үздік режиссерлік жұмыс" номинациясы бойынша НТК телеарнасының "JOL" деректі фильмі үздік атанды.

"Үздік телевизиялық сериал" аталымын "Хабар" телеарнасының "Абай жолы" сериалы үздік жұмыс деп бағаланды.

"Үздік ток-шоу" номинациясы бойынша "Astana TV" телеарнасының "Aitarym bar" бағдарламасы жеңімпаз атанды.

"Биыл "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесі 5-рет өткізіліп отыр. Бұл жоба жүзден жүйрік шыққан жаңа есімдерді жыл сайын жариялап, жалынды тұлғалар мен тың бастамалардың жасампаз жолына айналды. Сөз жоқ, бүгінгі телевизия - тек ақпарат көзі ғана емес, бұл ұлттық идеология мен тәлім-тәрбиенің құралы. Ал енді осынау стратегиялық маңызы зор саланың барын баптап, жоғын жоқтап жүрген - мына өздеріңіз. Ендеше, осындай ауқымды жобаларды батыл қолға алып, оларды сапалы етіп орындап жүрген сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді", - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттау шарасында.
08 мамыр 2021 ж. 371 0