Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаздар марапатталды

Жеңімпаздар марапатталды

Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының  жеңімпаздары анықталды.
Мемлекеттік тіл саясатын бұ­қаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру мақсатында өткізілген байқауға ақпарат өкілдері «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» аталымдары бойынша қатысты.
Байқауда мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалар, эфирден көрсетілген хабарлар, сайт жарияланымдары қамтылды.
«Үздік мақала» номинациясын Қазалы аудандық «Қазалы» газетінің бөлім меңгерушісі Ринат Әбдіқалық иеленсе, облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының продюсері, тележүргізуші Альбина Байдүйсенова тікелей эфирдегі ақпараттық-танымдық «Жаңа күн» бағдарламасы бойынша «Үздік телебағдарлама» номинациясын ен­шіледі. Ал, қазақ тілді сайт бойынша облыстық «Сыр бойы» газетінің  тілшісі Айдана Жұмадинованың мақаласы үздік деп танылды.
Ынталандыру сыйлығына Қы­зылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасының журналисі, теле­жүргізуші Олжас Дәуіт, қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Айдана Сейіл, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі Гүлхан Яхияева ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарма­ның дипломы және  ақшалай сыйлық­тармен марапатталды. Айта кетерлігі, жеңімпаздар енді республикалық кезеңде бақ сынайтын болады.
syrboyi.kz
25 маусым 2020 ж. 668 0