Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат мемлекеттік сатып алуға байланысты заң жобасын қабылдады

Сенат мемлекеттік сатып алуға байланысты заң жобасын қабылдады

ҚР Парламент Сенатында бірқатар заңнама актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі мен қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Оның айтуына қарағанда, құжат жобасы 4 негізгі түзетуді қамтиды. Олар: - бір көзден сатып алуды қысқарту; - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету; - мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру; - жер қойнауын пайдаланушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, байланыс, автомобиль көлігі мен қорғаныс сатып алуын жетілдіру.

Сенат депутаттары заң жобасын талқылай келіп, бірінші оқылымда мақұлдады.
30 қыркүйек 2021 ж. 212 0