Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы ұстаздарды мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы ұстаздарды мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», – деп жазды президент Twitter-де.
Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді.
1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.
Биыл білім министрлігі айтулы дата аясында «Ұстазыңды құттықта» акциясын бастады. Бұл акцияға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты.

kyzylorda-news.kz
03 қазан 2021 ж. 461 0