Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp және Instagram не үшін істемей қалғаны анықталды

WhatsApp және Instagram не үшін істемей қалғаны анықталды

Желі қолданушылары Facebook пен Instagram-ның қалыпқа келгені туралы хабарлауда, платформаларда трафиктің өсуі байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Kentik желілік шолу сервисінің деректері бойынша, Нұр-Сұлтан уақытымен 21.39-да жоғалып кеткен Facebook сервистерінің интернет-трафигі 5,5 сағаттан кейін қайта пайда бола бастады.
Сондай-ақ пайдаланушылар әлеуметтік желілерге деген қолжетімділікті қалпына келтірілгенін айтады, алайда соның өзінде кейбір ақаулар бар.
Қалпына келтіру компания өкілдері Facebook сервистеріндегі ақаудың себебі динамикалық маршрутизациясы хаттамасының жаңарту болды дейді.
"Инженерлік топтар біздің деректер орталықтары арасындағы желілік трафикті үйлестіруге жауап беретін негізгі маршрутизаторлардағы конфигурациялық өзгерістерге байланысты үзілген. Желілік трафиктің бұл ақауы біздің деректер орталықтарымыздың байланыс тәсіліне әсер етті, осылайша, бұл біздің қызметтеріміздің жұмысын тоқтатты", – делінген Facebook инженерлерінің сайтында.
Downdetector қызметі Facebook-тегі ақаудың 17 жылда болған ең үлкен проблема болғанын айтты.
"Facebook-тегі ақау біз Downdetector-да байқаған ең үлкен ақау болды, бүкіл әлемнен проблемалар туралы 10,6 миллионнан астам хабарлама келді", – делінген Twitter-де.
Еске салсақ, ел аумағында белгілі әлеуметтік желілер жұмыс істемей қалғаны жайлы хабарлаған едік.
05 қазан 2021 ж. 287 0